3 Наурыз 2024 2024, 02:42 Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жібек Құламбаева – Үндістандағы жарыстың жеңімпазы

Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген еді. Құламбаева - Раина финалда доданың екінші ракеткалары швециялық Жаклин Кабай Авад - литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.