Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бангалор (Үндістан) ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Рутужа Босейл бастапқы кездесуін жергілікті теннисшілер Аканкша Ниттур – Нидитра Раджмоханмен өткізді.

Қазақстандық-үндістандық жұп қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Жібек Құламбаева – Р. Босейл жартылай финалға шығу үшін тағы да үндістандық дуэтпен таласады.

Жібек Құламбаева аталмыш турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы