Жібек Құламбаева Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.
Осылайша Жібек жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы