5 Қаңтар 2024 2024, 03:38
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жартылай финалында ойнайды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті.
Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Құламбаева – Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.