6 Қаңтар 2024, 14:04 Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың финалына шықты

Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге жартылай финалда таиландтық Луксика Кумхум – оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен кортқа шықты.

Қазақстандық-грекиялық жұп қарсыластарын 6:4, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Құламбаева – Сакеллариди финалда тағы бір таиландтық Ланлана Тараруди – тайбэйлік Хиа Юи Тсаомен бас жүлдені сарапқа салады.