17 Қыркүйек 2023 2023, 10:16 Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Жібек Құламбаева Солтүстік Македониядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында қатарынан үшінші рет ITF жарысының жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін ол Рим мен Прагада үздік шыққан еді.