Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингі – 295-орын) Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен турнирде жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Жекелей сында ширек финалда ол ресейлік Дарья Астаховамен (WTA – 787-орын) кездесіп, екі сетте 4:6, 0:6 есебімен ұтылды. Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды.

WTA. Куршумлия-Баня. Ширек финал

Жібек Құламбаева – Дарья Астахова – 0:2 (4:6, 0:6)

Осылайша, Құламбаева турнирдегі өнерін ширек финалда аяқтады. Ал Астахова жартылай финалда Солтүстік Македония спортшысы Лина Гьорческамен (WTA – 352-орын) күш сынасады.

Спорттық порталдың жазуынша, Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня турнирінің басты фавориттерінің бірі саналды. Себебі жарысқа төртінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы