26 Қазан 2026, 13:17 Фото: olympic.kz

Жібек Құламбаева Қытайдағы WTA-250 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Гуанчжоуда өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерланд өкілі Изабель Хаверлагпен жұптасып, Гуанчжоуда өтіп жатқан Guangzhou Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты.

Дуэт жарыстың алғашқы кезеңінде Қытай теннисшілері Ихань Цюй мен Руен Жангты 6:3, 4:6, 10:5 есебімен жеңді.

Бірінші партия 31 минутқа созылып, қазақстандық-нидерландтық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары таразы басын теңестіріп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Шешуші супер тай-брейкте Құламбаева мен Хаверлаг 10:5 есебімен жеңісті жұлып алды.

Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақытта Жібек пен оның серіктесі 66 ұпай жинаса, қарсыластары 56 ұпай еншіледі.

Ширек финалда Құламбаева мен Хаверлаг Мария Козырева мен Майя Лимсденге қарсы ойнайды. Ресейлік-британиялық жұп турнирдің алғашқы кездесуінде үндістандық Рутуджа Бхосале мен тайландтық Пингтарн Плипуечті 6:3, 6:3 есебімен жеңген.