Жібек Құламбаева осы маусымдағы алтыншы титулына қол жеткізді
Шербур қаласында (Франция) өтіп жатқан ITF W25 турнирінде қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мартына Кубкамен (Польша) тізе қоса отырып, жұптық сында үздік атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финалда Жібек пен Мартына Ясмин Мансури (Франция) мен Лара Солденді (Бельгия) 6:0, 6:3 есебімен ұтып кетті.
Осылайша, Құламбаева осы маусымда жұптық сында ITF сериясындағы алтыншы титулын жеңіп алды (мансабындағы 25-ші титулы).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы