15 Қараша 2026, 20:21 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Жібек Құламбаева Колумбияда өткен WTA 125 турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші словениялық Вероника Эрьявецпен бірге финалда жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте 86-орынға көтеріледі.

Қазақстандық теннисші жұптық сында чемпион атанып, маусымдағы сегізінші титулына қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстандық теннисші словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жұптық сында жеңіске жетті. Финалда олар чех-словениялық Лора Самсон мен Тамара Зиданшекті үш сетте ұтты – 5:7, 6:2, 14:12.

Бұл – Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші титулы әрі WTA 125 санатындағы екінші жеңісі. Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы 16 қарашада әлемдік жұптық рейтингте 86-орынға көтеріледі.