2 Тамыз 2026, 07:48 Фото: Instagram/kulambayevaa

Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің чемпионы атанды

Финалда Жібек чехиялық Анна Шишковамен бірге швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған жұпты екі сетте жеңді.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияда өткен ITF World Tennis Tour W100 санатындағы беделді турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды.

Финалда Жібек чехиялық Анна Шишковамен бірге швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған жұпты екі сетте жеңді.

1 сағат 34 минутқа созылған шешуші кездесуде қазақстандық-чехиялық дуэт алғашқы сетті сенімді бастаса, екінші партияда да қарсыластарынан басым түсті.

Матч 6:3, 7:6 (7:3) есебімен Құламбаева мен Шишкованың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, W100 Gran Canaria–Maspalomas турнирі Испанияның Маспаломас қаласында топырақ жабындысындағы кортта өтті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.