25 Шілде 2026, 17:46 Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жібек Құламбаева Гамбургтегі WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші жұптық сында жартылай финалда словениялық дуэтке есе жіберді.

Алматылық теннисші Жібек Құламбаева (136) ригалық Дарья Семенистаямен (204) жұп құрып, Германияда өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалында словениялық Далила Якупович (105) пен Ника Радишичке (86) 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Өткен аптада Құламбаева Армения намысын қорғайтын бұрынғы ресейлік Алина Чараевамен бірге Яссыдағы турнирдің финалына дейін жеткен болатын. Алайда Германиядағы жарыста румыниялық жетістігін қайталай алмады.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде словениялық жұп айқын басымдық танытты. Екі сетте де Якупович пен Радишич екі-екіден брейк жасап, матчты 57 минутта аяқтады – 6:2, 6:1. Ойын барысында ұтқан ұпайлар есебі – 48:31.

Бұған дейін Гамбургтегі турнирді қазақстандық Юлия Путинцева (79) да аяқтаған еді. Ол Армения өкілі Элина Аванесяннан (208) 3:6, 6:2, 2:6 есебімен жеңілді.