ЖИ жаһандық жарыста Қазақстанның алға шығуына негіз бола алады – Байменов

Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Қазақстанның жасанды интеллектіні өмірдің барлық саласында пайдалануға басымдық беруі мемлекеттер арасындағы бәсекелестікте, жаһандық жарыста елдің алға шығуына негіз бола алатынын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер біз оны (ред. – ЖИ-ді) дұрыс қолдана білсек, шикізат секторынан түсетін пайдадан бөлек, әрі қарай тек өндірістік дәуірдегі қарапайым мануфактураға емес, жаңа технологияларға бет бұрсақ, онда қуып жетуші модернизацияны жүзеге асырып жатқан қоғам ретінде де, экономика ретінде де арақашықтықты қысқартып, көштің алдыңғы қатарына шығу мүмкіндігіне ие боламыз, – деді Әлихан Байменов.

Ол ЖИ-ге басымдық берілуі Қазақстан үшін табиғи қадам екенін жеткізді.

Президенттің Жолдауында жасанды интеллектке басымдық берілуі – бұл заман талабы әрі Қазақстан үшін табиғи қадам. Бұл кенеттен пайда болған жаңа бағыт емес. Қазақстан цифрлық технологияларды үздіксіз енгізуге мән беріп, оның негізін, инфрақұрылымын, экожүйесін қалыптастырды, – деді Байменов.

Сонымен қатар, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқару комитетінің төрағасы кешегі Жолдау алдағы біржылдық межені белгілеп қана қоймай, ұзақмерзімді ұлттың дамуына қажет факторларды қамтыған кешенді стратегиялық құжат екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы