ЖИ қазақстандықтарға жұмыс табуға қалай көмектесіп жатыр?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Enbek цифрлық экожүйесін мысалға ала отырып, жасанды интеллект үлгілерін қолдану саласындағы жетістіктер жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту маңыздылығы мен перспективаларына ерекше назар аударды. Бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында екі ЖИ моделі енгізілді, жыл соңына дейін тағы бірнешеуі іске қосылады, – деді ол.

Бірінші ЖИ үлгісі Интеллектуалды чат‑ботта қолданылады.

Чат‑бот Enbek цифрлық экожүйесінде операторлар жүктемесін азайту және қызмет сапасын арттыру үшін енгізілді. ЖИ арқасында пайдаланушылар онлайн режимде тәулік бойы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен консультациялар ала алады. Егер бот сәйкес жауап таба алмаса, өтініш операторға жіберіледі. Қазіргі таңда шамамен 96 % өтініштер автоматты түрде – қызметкердің көмегінсіз өңделген. Күн сайын чат‑бот арқылы 600‑ге жуық өтініш өңделеді, – деп айтты вице‑министр.

2025 жылдың 1 тамызына қарай ЖИ көмегімен 18,7 мыңнан астам өтініш қаралған.

Екінші қолжетімді құрал – Электрондық еңбек биржасындағы қолайлы бос жұмыс орындарына ұсыныстар.

Enbek.kz – жұмыспен қамту саласындағы негізгі ресми платформа, мұнда ізденушілер мен жұмыс берушілерге вакансияларға қолжетімділіктен бастап оқыту бағдарламаларына дейін ауқымды қызметтер ұсынылады. Пайдаланушыларға, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жұмыс орындарын іздеуде дәлдік пен жылдамдықты арттыру үшін түйіндеме мен ізденуші туралы деректерді талдап, ЖИ технологиясы сәйкес вакансияларды іріктейді және оларға жеке оқыту ұсынымдарын береді, – деді Анафин.

Вице‑министрдің айтуынша, түйіндемені ЖИ өңдеуге орташа есеппен 2 секундтан аз уақыт кетеді, артынша сервис ұсыныстар бере бастайды. Бұл бос орындарды таңдау уақытын 80 %‑ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жасанды интеллект
Өзгелердің жаңалығы