“ЖИ дос та, психолог та емес”: Аймағамбетов білім саласына қажет өзгеріс туралы айтты

Жасанды интеллект мектептерге еніп жатыр, бірақ оны қалай және не үшін қолдану керектігі туралы нақты бағдар жоқ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ЖИ-ді тек құрал ретінде қабылдап, оны қолдануға ұлттық деңгейде саясат қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, балалар ЖИ-ді саналы түрде, жауапкершілікпен және сыни ойлауға негіздей отырып пайдалана білуі тиіс.

Аймағамбетов атағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерге жасанды интеллектті енгізетінін жариялады.

Бұл – өте маңызды қадам. Дегенмен сұрақтар осы бастаманың нақты қалай іске асатынына байланысты. Жаңа оқу жылы басталса да, өңірлерде бұл бастаманың қалай жүзеге асатыны әлі толық түсініксіз. Қойылып жүрген сұрақтарға қарасақ, көпшілік бұл жаңалықты “балаларды ChatGPT ғана қолдануға үйретеді” деп ойлаған. Ал шын мәнінде, олай емес. Өйткені біздің балалар ЖИ құралдарын қазірдің өзінде кеңінен қолданып жүр: ChatGPT, DeepSeek арқылы үй тапсырмасын орындайды, шығарма жазады, презентация жасайды, - деді ол.

Сөзінше, оның салдары көріне бастаған. Мысалы, көшіру көбейген, дайын жауапқа тәуелділік артып, сыни ойлау қабілеті әлсіреген. Тіпті кейбір балалар қарапайым сұрақты да ЖИ-сыз құрастыра алмайтын деңгейге жеткен.

Мәселе мынада: оларды бұл құралдарды қалай дұрыс, сауатты, этикалық, жауапты және тиімді қолдануға ешкім үйретпеген. Бұл – жүргізуші куәлігінсіз адамды көлікке отырғызып, бағдаршамы жоқ қалаға жібергенмен тең. Оның үстіне жол ережесінің өзіжоқ. Мұндай жағдайда апат – уақыттың ғана мәселесі. Жалпы, біз жасанды интеллект туралы айтқанда, әлдеқайда кеңойлауымыз қажет. Оқу сауаттылығы мен сыни ойлауды дамыту – ЖИ пайдалану тұрғысынан еңмаңызды әрі еңкүрделі міндет, - деп санады депутат.

Сонымен бірге Аймағамбетов балаларға ЖИ-дің шынмәнінде не екенін түсіндіру маңызды екенін айтты.

ЖИ – құрал, жай машина ғана. Ол досемес. Ол әулие емес. Психолог таемес. Белгілі бірдеректер негізінде үйретілген жүйе. Ол қателеседі, “галлюцинацияға” ұшырайды, үйретілген деректерге байланысты бейімділіктері бар. Балаларды сыни ойлауға, фактіні тексеруге, академиялық адалдыққа, ЖИ-ді қолдану мәдениеті менэтикасына, дұрыс сұрау құруға (prompt engineering), жауапкершілікке, медиасауаттылыққа үйретуіміз керек. Бастысы – соқыр көшіруге емес, саналы қолдануға дағдыландыру, - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Білімді тек еңбек нарығына бейімдеумен шектеуге болмайды. Қазіргі мектеп балаға тек жұмысқа емес, болашақ қоғамда өмір сүруге, өмір бойы оқуға, жаңа міндеттерге бейімделе білуге үйретуі тиіс. Ең басты сын-қатер – балалардың дайын жауаптарға тәуелді болып кетуіне жолбермеу. Керісінше, ЖИ-діөз ойлауын дамыту құралы ретінде пайдалана білуге, өздігінен үйренуге үйретуіміз қажет.

Бағалау жүйесін қайта қарау – ерекше маңызды. Енді тек нәтижеге қарап баға қоюға болмайды: нәтижені ЖИ арқылы оңай алуға болады. Сондықтан оқупроцесінің өзіне, оқушының дербестігіне, дәлеліне мән беру қажет. Тапсырмалардың өзін, соның ішінде үй тапсырмасын дақайта ойластыру керек.

Қай жерде ЖИқолдануға болады, қай жерде мүлде қолдануға болмайды (мысалы, емтихандарда) – осының бәрін нақтылайтын түсінікті регламенттер керек. Ең бастысы – ЖИ-ді білімге енгізу жөнінде ұлттық саясат қажет. Бұл саясат ЖИ-ді білім жүйесіне енгізудің мақсаттары мен тәсілдерін айқындайтын тұжырымдамалық құжат болуы тиіс. Сондай-ақ ЖИ-ді білім мен ғылымда пайдалану саясаты, ЖИ көмегімен орындалған жұмыстарды бағалау регламенті, академиялық адалдық стандарттарын жаңарту қажет. Шын мәнінде, қазір бүкіл оқу бағдарламаларын өзгерту туралы сөз болып отыр, - деді ол.

Мұғалімдердің өздері детолық дайын емес: оларда ЖИ-ді қалай қолдану, қалай бағалау керектігі жөнінде нақты бағдар да, саясат тажоқ. Аймағамбетов атағандай, бұл тек Оқу-ағарту министрлігінің ғана емес, бәріміздің ортақ жұмысымыз бен ортақ жауапкершілігіміз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы