ЖИ-ді күнделікті пайдалануға көмектесетін жаңа жоба іске қосылады

“AlmatyFair.ai” көрмесінде жасанды интеллект саласындағы жаңа бастама ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сәуір айында жасанды интеллектіні күнделікті өмірде пайдалануға көмектесетін AI People жобасы іске қосылады.
Бұл туралы Blockchain және AI технологиялар орталығының (BAITC) бас директоры Айдана Қасқырбек айтты.
“AI PEOPLE" – курсы жұмыс пен оқуда және күнделікті өмірде ЖИ-ді дұрыс пайдалануды үйретеді. Біз Азия, Еуропа, Латын Америкасы және Африка аймақтарын қоса алғанда, әлемнің 34 елінде білім беру бастамаларын көтеріп жатырмыз, - деді Айдана Қасқырбек.
.jpg)
Курсты оқу тегін болады және ойын форматында өтеді.
Егер жасанды интеллект дұрыс пайдаланылса, ол өнімділіктің жаңа деңгейіне жетуге көмектеседі. Сол үшін біз 4 апталық "AI PEOPLE" – курсын іске қоспақпыз. Курсты оқу тегін болмақ. Оқу жеңіл әрі түсінікті болу үшін ойын форматында жүреді, - деді ол.