ЖИ дәуіріндегі медиатұрақтылық: Шушада дәстүрлі жаһандық медиа-форум өтеді
2025 жылы 19–22 шілде күндері Әзербайжанның Шуша қаласында "Цифрлық жолдар: Ақпарат пен медиа саласында тұрақтылықты жасанды интеллект дәуірінде нығайту" тақырыбында медиафорум өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықаралық жиында медиаиндустриядағы заманауи трендтер, цифрландыру мен ЖИ технологияларының ықпалы және креативті медиаөнімдердің болашағы кеңінен талқыланбақ.
Ғаламдық ақпараттық кеңістіктің қарқынды жаңғыруы, медиа саласында озық технологиялардың кеңінен қолданылуы және цифрлық үдерістердің жаппай таралуы әлемде жаңа әрі серпінді медиамекеннің қалыптасуына негіз болды. Бұл бетбұрыстар медиа ұйымдарын өз құрылымын, мазмұнын және бизнес үлгісін түбегейлі қайта ойластыруға итермелеп отыр.
Технологиялық прогресс заманауи қоғамның барлық салаларына әсер етсе, медиа индустрия бұл процестердің алдыңғы шебінде тұр. Дәстүрлі медиадан бастап цифрлық платформаларға дейінгі өзгерістер жаңа медиа өнімдер мен қызметтерді өмірге әкеліп, аудиториямен өзара әрекеттесу форматын түбегейлі өзгертті.
Әзербайжанда жүзеге асып жатқан медиа реформалар да осы жаһандық өзгерістермен үндесе отырып, ел медиасының жұмыс қағидаттарын заманауи стандарттарға бейімдеуге және креативті идеялар арқылы халықаралық кеңістікке шығуға жол ашты.
Индустрия 4.0 деп аталатын жаңа дәуірдің басталуымен медиа саласына қатысты тың түсініктер мен тың әдістер пайда болды. Бұл үрдіс дәстүрлі медиа мен жаңа медианың алдында бірқатар жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер тудырып отыр.
Осы орайда, 2025 жылғы 19–22 шілде күндері Шуша қаласында өтетін жаһандық медиафорум ақпарат пен медиа саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарын, халықаралық ынтымақтастықтың болашағын және ЖИ технологиялары дәуіріндегі медианың рөлін терең талдауға бағытталады.