ЖИ бойынша оқушылар халықаралық олимпиадаға қатысады

Мамыр айында елордада 9-12 сынып оқушылары арасында AI Olymp атты жасанды интеллект бойынша бірінші республикалық олимпиада өтті. Жеңімпаз атанған оқушылардан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталып, тамыз айында Бейжіңде өтетін халықаралық олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаеваның сөзінше, AI Olymp екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңі (онлайн), қорытынды кезең (бетпе-бет) бағытында өтті. Іріктеу кезеңіне 683 қатысушы қатысты.

Финал Astana IT University-де еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 40 жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Финал қорытындысы бойынша 12 мықты қатысушы оқу-жаттығу жиындарына шақырылды, - деді Әлібек Сайланбаев.

Бұған дейін елордада TUMO креативті технологиялар орталығы ашылатынын хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы