ЖИ арқылы 781 млрд теңге үнемделді – Қаржы министрлігі

Министрлік мемлекеттік сатып алу жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізіп жатыр. 2 трлн теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 791 тексеру жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конкурстар рейтингтік-баллдық жүйе арқылы өтеді. Мұнда бұрынғыдай конкурстық комиссия құрылмайды яғни жеңімпаз автоматты түрде белгілі болады. Ал нәтижелерге шағым жасау мүмкіндігі болмайды.

Есепті кезеңде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға бақылауды күшейту шеңберінде, келесі шаралар атқарылды. 348 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 310 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды, әлеуметтік салада 6 мыңнан астам объект онлайн мониторингпен қамтылды, – дейді Қаржы министрі Мәди Такиев.

Цифрлық трансформация аясында бюджеттік онлайн мониторинг енгізіліп, бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтілген.

Қазіргі уақытта, білім беру саласының өзінде, қаражатты жұмсау кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу, және тәуекелдерді анықтауда, айтарлықтай оң нәтижелер анықталып жатыр. Жасанды интеллект элементтерін қолдану арқасында, тәуекелді төлемдерінің сомасы 2024 жылы 307 млрд теңгеге және 2025 жылы 132 млрд теңгеге анықталды. Мәселен, аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлеріне бір айда 65 млн теңгеге дейін төлем жасалған немесе 10 млн теңгеден астам сыйақы аударылған, – деді ол.

Бір шот немесе бір жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, әр түрлі адамдардың аты-жөнімен айына 66 төлем жасалған. Мониторинг жүйесі тек білім беру саласын ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтиды.

Кейбір ұйымдар қаржы институттары болмаса да, бөлінген қаражатты кредит беруге және пайыз түрінде табыс ала отырып, оларды депозитке орналастыруға пайдаланған. Мысалы, бөлінген 1 млрд теңге бюджеттік кредитті депозитке салу арқылы 80 млн теңге пайда көрген фактілер анықталды. Бір мал басына – 808 млн теңгеге бірнеше рет субсидия алу жағдайлары да орын алды. Бұл мысалдар, бақылау мен цифрлық талдауды күшейту – мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттырудың негізгі бағыты болып қала беретінін көрсетіп отыр, – деді министр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы