23 Тамыз 2019 2019, 19:50

Мемлекет басшысы Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті әлемде сұранысқа ие мол өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіп орнының өндіріс цехтарының жұмысымен танысты. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті әлемде сұранысқа ие мол өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіп орнының өндіріс цехтарының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2018 жылы желтоқсанда зауытта мыс өндірісін жылына 100 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін екінші кенқыздыру пеші іске қосылғаны жөнінде айтылды", - делінген хабарламада.


Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесу барысында ел игілігі үшін сіңірген зор еңбектері үшін оларға ризашылық білдіріп, мемлекет тарапынан өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру шаралары жалғаса беретінін атап өтті.