Жезқазғандықтар қаржы пирамидасына 125 млн теңге салып жіберген

600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам салымшылар қаражат тартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам салымшылар қаражат тартқан.

Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы