Жезқазғандықтар патриоттық акцияға үн қосты
Бүгін еліміз бойынша "Менің елім - менің туым" патриотизм мен бірлікті нығайту акциясы бастау алып, әлеуметтік нысандарға, көпқабатты үйлердің балкондарына Көк байрағымыз ілінуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін "AMANAT" партиясы және "Жастар рухы" Жастар қанатының Ұлытау облыстық филиалы өкілдері мысты қалада орналасқан С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрға және Жезқазған қалалық әкімдігіндегі балкондарға еліміздің жалауын іліп шықты.
Басты мақсат - жезқазғандықтардың патриоттық сезімін оятып, мемлекеттік рәмізді насихаттау. Тұрғындар тарапынан да бұл акция қолдау тауып, оң әсерін беруде.
Айта кетейік, Мемлекеттік Туын насихаттауға арналған «Менің елім – менің Туым» акциясы елімізде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зайсанда қатты жел салдарынан тұрғын үй қасбеті ұшып кеткен
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы