Жезқазғандағы ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Қала әкімдігі ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 4 қазандық (No6,7,9,11), сонымен қатар 3 турбоагрегат (6,7,8) жұмыс істеп тұр. ЖЭО-дан жылу бекітілген температуралық кестеге сәйкес шығарылады. ЖЭО штаттық режимге кірді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, жуырда Жезқазған ЖЭО-да екі қазандық істен шыққаны туралы хабарланған еді. Осыдан екі күн бұрын жылу орталығының 5-ші қазандығы да істен шыққан.

ЖЭО-да тек үш қазандық жылу өндірді. Нәтижесінде, үйлердегі ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендеді. Жергілікті билік хабарлағандай, жағдай бақылауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы