7 Шілде 2026, 22:10
Фото: gov/kz
Жезқазғанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жастар жауапқа тартылды
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың әрбір дерегі бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
Полиция департаменті жедел басқару орталығының кезекші офицерлері бейнебақылау камералары арқылы қала көшелеріне мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтады.
Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған 8 жас жүргізуші анықталып, заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жол ережесін бұзып, басқа жүргізушілерге қауіп төндіріп, авариялық жағдай туғызған.
Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тәулік бойы үздіксіз жүргізеді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың әрбір дерегі бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10
- Ақмола облысында қатты жел балықшыны көл ортасына алып кеткен 19:50