Жезқазғанда жалпыұлттық референдум күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Жезқазған қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автобустар таңғы сағат 7:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, референдумде мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруін қамтамасыз ету үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады. Қала бойынша 3 инватакси мүмкіндігі шектеулі жандарды референдум учаскесіне дейін тегін тасымалдайды. Ол үшін алдын ала тапсырыс беру қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы