Жезқазғанда жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күші жойылды
Жезқазған қаласының прокуратурасы тұрақты негізде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнамаға қайшы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптарын белгілеген.
Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Нәтижесінде прокуратура мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына заңнамада көзделген тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы