11 Шілде 2026, 22:56
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы стансада шыққан өрт сөндірілді. Оқиға Алашахан көшесінде орналасқан трансформаторлық қосалқы стансада болған.
ТЖМ құтқарушылары жедел әрекет етіп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермей, жалынды толықтай сөндірді. Өртті сөндіру жұмыстары барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып жүргізілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.