Жезқазғанда театр ғимаратынан өрт шықты

Жезқазғанда театр ғимаратының жертөлесінен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысы ТЖД 112 пультіне Жезқазған қаласы, Сәтпаев көшесіндегі театр ғимаратының жертөлесінде өрт шыққаны хабарланды. Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгенде қалың түтін байқалды. Газ-түтіннен қорғау қызметі өртті тез арада барлап, сөндірді, - делінген хабарламада.

Өрт басталған кезде ғимараттан 12 адам өздігінен эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы