Жезқазғанда сотталғанға есірткіні поштамен жеткізбек болған

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №62 мекемесінің қызметкерлері мекеменің аумағына тыйым салынған затты өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 18 сәуірде №62 мекеменің тексеру бөлмесінде 36 жастағы сотталғанға келген бандерольдан аяқкиім кремінің тұтқасынан жасырын әдіспен тығылған, жасыл түсті, ерекші иісті 2 зат табылған. 

Алдын ала деректер бойынша бұл есірткі заты болып шыққан. Бандерольды жіберуші Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Аталған факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы