19 Қазан 2026, 07:12
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінде екі бала қамалып қалды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді.
Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, бесінші қабаттан төмен түсіп, төртінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді.
Пәтерде болған екі бала аман-есен шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.