15 Қараша 2026, 22:23
Фото: depositphotos.com
Жезқазғанда отшашу атқан ойын-сауық мекемесінің әкімшісі жауапқа тартылды
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады.
14 қараша күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласында учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсету аумағын аралау кезінде балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады.
Тексеру барысында отшашуды аталған мекеменің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша ол заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады.