22 Шілде 2025 2025, 11:58 Фото: видеодан скриншот

Жезқазғанда мектеп жанында жантүршігерлік жол апаты болды

Жезқазғандағы мектеп маңында болған жол апаты тұрғындарды шошытты. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жезқазғандағы мектеп маңында болған жол апаты тұрғындарды шошытты. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жол апаты Абай көшесіндегі №11 мектептің жанында болған. Апат сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Дене жарақатын алған екі жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасына қатысты полиция тергеу жүргізуде. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен барлық жағдайларын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды, - дейді Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Сәтбаевта көлік қағып кеткен 13 жастағы қыз көз жұмғаны хабарланған.