Жезқазғанда кәсіпкерлерден 6 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Ұлытау облысында кәсіпкерді қарумен қорқытып, ақша бопсалаған екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлытау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2025 жылдың шілде айында Жезқазған қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар сот санкциясымен Жезқазған қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктілер шағын және орта бизнес субъектілерін қылмыстық бақылауға алуға тырысып, күш қолданып және қару қолдану қаупімен 6 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер мен қылмыс қаруы тәркіленді, - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша ақша қаражатын күшпен немесе қорқытып талап ету әрекеті үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін еске салады. Егер бопсалау топпен жасалса, жаза мерзімі 7 жылдан 15 жылға дейін ұзарады.

Ескее салайық, кеше Жезқазғанда мектеп жанында жантүршігерлік жол апаты болғанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы