31 Тамыз 2026, 06:33 Фото: Скриншот

Жезқазғанда кафеден өрт шықты

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Жезқазған қаласындағы Алашахана көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеден өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, кафеде жиһаз жанып, өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар өртті жарты сағат ішінде сөндіріп, жалынның таралуына жол бермеді.

Сондай-ақ кафеден бір газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.