Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын 200 Telegram-каналдар бұғатталды
Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын Telegram-каналдары бұғатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған қаласы прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналасатын 200 Telegram-каналдарды анықтады.
Қабылданған шаралармен «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы аталған есірткі сайттары бұғатталды, осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы