Жезқазғанда дәрігерлер ине жұтып қойған баланы құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында он жасар бала инені жұтып қойған. Бұл туралы ата-анасына айтуға қорқып, бала екі күн бойы солай жүрген.
Оқиға Қаражал қаласында болған. Иненің басындағы домалақ асқазанға жабысып қалған. Бала қорқып, екі күннен кейін ғана ата-анасына ине жұтып қойғанын айтқан.
Олар бірден баласын жергілікті ауруханаға алып барған, онда баланы хирургтар тексеріп, оны Жезқазғандағы ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған.
Жас науқас іштің ауырсынуына шағымданды. Шолу рентгенографиясы асқазан-ішек жолында бөтен дененің болуын растады. Эзофагофиброгастродуоденоскопияны (ЭФГДС) зерттеу кезінде бөтен дененің асқазанның антральды бөлігінде екендігі анықталды, - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасында.
Дәрігерлер инені эндоскопиялық жолмен алып тастағаны атап өтілді. Баланың өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы