Жезқазғанда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын аяусыз өлтірді

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында пәтерлердің бірінен 59 жастағы әйел мен оның 17 жастағы қызының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция дерегінше, әйелдің денесінен жеті пышақ жарақаты анықталған. Ал алдын ала болжам бойынша, қызы сыммен буындырылған.

Аталған факті бойынша қос кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шараларды жалғастыруда. Істің тергелуі облыстық ПД басшылығының ерекше бақылауында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шымкентте жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның денесі бірнеше күннен кейін табылып, бұл жаға ұстатар жайт бүкіл елді дүр сілкіндірді. Қайғылы оқиға интернеттегі жұмыс туралы хабарландырулар арқылы жасалатын қылмыстардың қауіптілігін көрсетіп берді.

Кейіннен Диана Оңғарбаеваның өліміне байланысты тың деректер шықты. Әйелдің денесі 10 күннен кейін қоқыс жәшігінен табылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлытау облысының Полиция департаменті
Өзгелердің жаңалығы