"Жезқазған – Қызылорда" жолы қашан аяқталатыны белгілі болды

Ұлытау облысы бойынша ең басты жобалардың бірі «Жезқазған- Қызылорда» тас жолы халық ұзақ күткен жоба болды. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков сөзінше бүгінде жолдың төрттен бір бөлігі аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш бағыттың 280 шақырымы Ұлытау облысында жатыр. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 510 техника мен 1100 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 4 компанияның барлығы Ұлытау облысына тиесілі, - деді облыс әкімі.

Жалпы жол құрылысы толық 2027 жылға дейін аяқталады. Әкім жұмыс бүгінгі таңда белгіленген жоспардан қалыс келе жатқанын да жасырмады.
Ал «Қарағанды - Жезқазған» бағыты бойынша қазіргі таңда конкурс жарияланғанын айтты.

Қаржы бөлуші – Халықаралық қаржы институты. Бүгінді таңда конкурс жарияланып отыр. Егер мердігер компания белгіленсе, жөндеу жұмысы келер жылы басталады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы