Жезқазған – Петропавл жолы толығымен жаңартылады
Арқалыққа сапары барысында Көлік министрі Марат Қарабаев өткен жылғы жұмыс қорытындысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл еліміздің төрт өңірін жалғайтын «Жезқазған – Петропавл» автожолы толық жөндеуден өткізілетіні мәлім болды.
Бұл жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол қамтылды. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Аталған автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді.
Автожолды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту өңірдің дамуы, көлік қолжетімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін маңызды. «Жезқазған – Петропавл» тасжолы Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Зеленский тағы бір кездесуге аттанды
Өзгелердің жаңалығы