17 Қыркүйек 2026, 09:13 Фото: instagram.com/kairatsh_08

Жезқазған әкімі қызметінен кетті: Қайрат Шайжанов тұрғындармен қоштасты

Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі қызметін аяқтағанын мәлімдеді. Ол қала тұрғындарына алғысын айтып, бұл шешімге қатысты жүрекжарды сөзін жеткізді.

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қала басшысы қызметіндегі жұмысын аяқтағанын мәлімдеді.

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер! Бүгін – мен үшін ерекше толқынысқа толы күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті, – деді Қайрат Шайжанов.

Ол өзіне сенім артып, қызмет барысында қолдау көрсеткен барша жезқазғандыққа шынайы алғысын білдірді.

Мен үшін Жезқазған – жай ғана қызмет атқарған қала емес. Бұл – тағдырыммен, еңбегіммен, естеліктеріммен байланысқан туған жер, – деді ол.

Айта кетейік, Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2022 жылғы маусымда тағайындалған еді.