Жезқазғанда апатқа байланысты жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖЭО-да 35 кВ АТҚ-да шлейф үзілгені белгілі болды. Сақтық шаралары аясында станция генерациясы өшірілген болатын. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз жетекшісі Марина Шаповалова айтты.

Қазіргі уақытта Жезқазғанда энергиямен жабдықтау қалпына келтірілді. Судың қысымын қалпына келтіру жқмыстары жүріп жатыр. Жақын арада барлық жұмыстар қалпына келетін болады, - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең, 9 маусымда ЖЭО-да авариялық жағдай орын алды, осыған байланысты қала бойынша электр және сумен қамтамасыз ету өшірілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы