Жетісулықтар қытайлық спортшыны құтқарды

Жетісуда парапланер спортынан халықаралық сайыс өтті. Сында сүрінген Қытайдан келген спортшыға құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, парапланер спорты ең қауіпті спорт түріне жатады. Мұнда ептілік пен қатар адамның сырғанау парашютінің негізінде жасалған ультра жеңіл ұшақты басқару қабілеті де сынға түседі. Әлем Кубогының жарысында 800 метр таудың биіктігінде басталды. Тау басынан сырғанай құлаған спортшылар түрлі жарақат алады. Солардың бірі 1972 жылы туған ҚХР азаматы болды. Ол парашютті басқара алмай құлаған.

Спортшылар бірінен соң бірі басқара алмай құлай бастады. Құлағанға дейін ол қосалқы парашют ашып үлгерді. Қону кезінде парапланер әр түрлі жарақат алды. Байқау барысында мұндай жағдайлар жиі болып тұрады. Сондықтан барлық сақтық шаралары қарастырылған. Адам өміріне қауіп төндіретін факторларды ескері отырып, жұмыс істейміз. Бұл жай ғана спорт емес, өз өзіңді жеңу, қорқынышынды игеру, сенімінді шыңдау. Спортшылар әбден тәжірибе жинақтап барып, жолдама алады. Бұл спорт таза ауада таңғажайып ләззат сыйлайды, дейді ұйымдастырушы Олег Настиров.

Ер адамды Талдықорған қаласындағы ауруханаға жеткізу үшін құтқарушылар оны 1,5 шақырым жерде Қазавиақұтқару тікұшағы қонған жерге дейін жеткізген. Қазір жағдайы жақсы. Құтқарушылардың дер кезінде көрсеткен алғашқы көмегінің нәтижесінде спортшы келесі сынға қатыса алады.

Таулы жерде түрлі сындар күтіп тұрады. Біз арнайы тікұшақпен бармасақ, тау басына жету қиын. Ең бастысы науқастың сүйегі сынбаған, түрлі жарақаттар, ауыр соққыда сәл есінен таңған, Қазір жағдайы қалыпты. Арнайы дәрі-дәрмектер алады. Біз сол маңда өзге де спортшыларға көмек көрсеттік, дейді дәрігер Асан Алтынбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы