+23

Жетісулықтар 5 сәуір жаппай сенбілікке шығады

Жетісулықтар 5 сәуір жаппай сенбілікке шығады

Облыс орталығында "Таза Қазақстан" акциясы аясында сәуір айының алғашқы сенбісі жалпықалалық тазалық күні болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі Ернат Бәзіл бастаған барлық мекеме қызметкерлері мен сала мамандары сенбілікке шығуы шарт. Тазалық акциясына қаланың әр тұрғыны атсалысуға тиіс.

Қала аумағындағы жалпықалалық сенбілік өтуіне байланысты 5 сәуір күні қаламыздағы сауда нысандары мен базарлар сағат 12:00-ден кейін өз жұмысын бастайды, - делінген қалалық әкімдік парақшасында.

Жалпы Талдықорған таза қала атанғанымен, қаланың ішкі көшелерінен бөлек, ауылдық жерлерде жалпы жұрт тазалық сақтай бермейді. Бұған дейін қоқыс мәселесі қоғамның үлкен талқысын тудырған еді. Тіпті қалалық әкімдік жаңа компаниямен келісімшарт жасасып, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді басқа мекемеге тапсырған.

Қаланың тазалығы әрбір тұрғын үшін маңызды болуы қажет. Біз сәуір айында тазалық жұмыстарына мән береміз. Қоғам үшін бұл маңызды жұмыс, - деді қала әкімі Е.Бәзіл.

Бұған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тазалық жұмыстарына мұқият болуды тапсырған еді. Көктемгі дала жұмыстары басты назарда тұрмақ.

Мен әкімнің пікіріне қосыламын. Әрбір адам өз ауласын тазалауы шарт. Қоқыс ешқашан азаймайды, арнайы жауапты мамандарға кінә артуға болмайды. Сондықтан әрбір адам өзінің мәдениетін көрсетіп, тазалық жұмысына жүгінуі қажет. Аула ағаштарына су құйып, даланы тазартқан дұрыс. Бізде жазда ағаштар көбіне қурап кетеді. Оны мамандарға итереміз. Сол маңдағы тұрғындар құйса болады ғой, - дейді қала тұрғыны Айнұр Жаппасова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы