Жетісулық шаруалар астық жинауға кірісті
Жетісу облысындағы егін ору жұмыстары Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ауал шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні 46,3 мың гектар масақты-дәнді дақылдар орылып, 85,7 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 18,5 центнерден айналып отыр.
Егін жинау жұмыстарына облысқа 7924 тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта оператор анықталды, жергілікті оператор ресурс ұстаушы компаниямен келісімшартқа отырды. Оператордың резервінде қазір 500 тонна дизель отыны бар. Сұйық отын беруге шаруашылықтармен келісім шарттар жасалуда, - делінген басқарма хабарламасында.
Жалпы облыста дәнді дақылдар 325,2 мың гектарға себілген, соның 267,2 мың гектары - масақты-дәнді дақылдар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскерге баратын 2600-ден астам азаматтың несиесі шегеріледі
Өзгелердің жаңалығы