25 Желтоқсан 2023 2023, 05:26 Фото: gov.kz

Жетісулық шаруалар 110 тонна азық-түлік ұсынды

Талдықорған қаласындағы "Жастар" Спорт сарайының маңындағы алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдықорған қаласындағы "Жастар" Спорт сарайының маңындағы алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңеге облыс әкімі Бейбіт Исабаев барды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге облыстың 2 қала, 8 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін әкелді.

Облыс басшысы тауарларын саудалауға келген азық-түлік өндірушілермен тілдесіп, қала тұрғындарымен де пікірлесті.

Жәрмеңкеде Алакөлдің балығы, Көксу мен Ақсудың қанты, Сарқанның балы, сол сияқты ет, сүт, шұжық, жеміс-көкөніс өнімдері, сол сияқты ұн, жармалар, өсімдік майы мен малдың майы, ұлттық сусындар және басқа да жалпы көлемі 110 тонна болатын 25 түрлі азық-түлік саудаланды.