7 Шілде 2024 2024, 15:39
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Жетісулық құтқарушылар туристерге көмектесті
Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды. Белгілі болғандай олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өту кезінде оларды қатты су ағысы алып кеткен.
Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.