Жетісулық прокурорлар 30 жер телімін мемлекетке қайтарды

Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының прокуратурасының мәлімдеуінше,  Ақсу ауданындағы жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатты  пайдаланылмаған. Аталған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-не тиесілі болған.

Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арналарының карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды.

Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаттардың қолданылуының шарттық міндеттемелерін одан әрі бұза отырып тоқтатылды.

Қазіргі уақытта су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары қолға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы