Жетісулық оқушылар өртке қарсы құрылғы ойлап тапты
Талдықорғандық жас ғалымдар тілсіз жаудың алдын алатын датчикті газ есептеу құрылғысы мен жолдардың жағдайын көрсететін мобильді қосымша шығарған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жас ғалымдар жасампаз әрекеті көңіл сүйіндіреді. Оқушылардың халықаралық білім додасында топ жарып, жетісулықтардың абыройын көтерді. Тіпті робототехника саласының мамандары жоғары бағалап, алдағы жоспарларына сәттілік тілегін. Өртке қарсы құрылғы газдың қысымын көрсетіп, алдын ала адамдарға ескертеді. Бұл осы саладағы мамандар үшін қолайлы құрылғы болмақ. Қазір жобаны жандандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Аталған техника ауаға таралған көгілдір отынды бірден анықтайды. Бұл өз кезегінде адамдарды улаудан сақтап, өрт қауіпсіздігін күшейтеді. Газ желісінің ақауын жылдам тауып алуға да мүмкіндік береді. Тұрғындардың да қауіпсіздігіне кепіл бола алады.
Бүгінде жобаларымызды осы саладағы жауапты министрліктерге ұсынып қойдық. Олардың жауабын күтіп отырмыз. Келешекте қолға алған жұмысымыз елімізді ғана емес, әлемді де қызықтырады деп ойлаймын. Өрттің алдын алып, жолдың сапасын көрсететін апараттардың біздің елде баламасы жоқ деуге де болады. Бар болғанда да әлі қолданысқа енбеген. Еліміздің кез келген жеріндегі жолдың жағдайымен танысу үшін сайтқа кіріп, өзіңізге қажет мәліметті еркін ала аласыз. Сапарға шыққанда тиімді, - дейді жоба авторының бірі Елдос Еренталов.
Жалпы Тимур мен Елдос осы жобаны бірлесіп жасаған. Жоба нәтижелі болу үшін арнайы нейрондық желіні пайдаланған. Мұның жолаушыға пайдасы көп. Мәселен, алыс сжолға шыққан көлік иесі не туристер алдағы жолдың сапасын біле алады. Әрі қолайлы, әрі қауіпсіз. Ізденімпаз жастардың халықаралық дәрежеде мойындалып үлгерді.