Жетісулық оқушылар экскурсияға шықты

Аз қамтылған отбасынан шыққан 200-ден астам бала облыстағы әсем жерлерді аралайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Бүлдіршіндердің тілегін орындау үлкендерге парыз. Әсіресе тағдыры қиын кішкентай балапандарға ерекше қамқорлық керек. Осыныескерген облыстық білім басқармасы мерекеге орай осындай игілікті істі қолға алған. Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев пен басқарма басшысы Марат Сүлейменов сапарға аттанған оқушыларға сәт-сапар тілеп, арнайы келді. Олар Балаларды қорғау күніне арналған «Сәлем, жаз-2024» атты жазғы демалыс маусымының ашылу салтанатына қатысып, ақжарма тілегін арнады.

Бүгіннен басталған жазғы демалыс іс-шараларына 102 мыңнан астам бала қатысады. Бүлдіршіндердің әрқайсысы біз үшін қымбат та бағалы. Оларды бөле-жармай түрлі демалыс аймақтарына жібереміз. Арнайы мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде демалып, сан алуан танымдық, интеллектуалдық, сауықтыру бағдарламаларға қатысады. Әрбір оқушы біздің қадағалауымызда болады», деді М.Көлбаев.

Бүгін талдықорғандық 245 оқушы 4 бағыт бойынша сапарға шықты. Түстеп көрсетсек, бір тобықасиетті Күреңбел жеріндегі ағартушы ғалым Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды мұражайына бет алса, бірі Үштөбе қаласында өткен жылы ашылған Қаратал өлкетану мұражайынаралайды. Ал үшінші топ Ақсудағы Ақын Сара мұражайын тамашалап, табиғаты көркемТамшыбұлақпен танысады.

Оқушылардың жазғы демалысы біз үшін маңызды. Бір топ оқушылар облыс орталығындағыМұхаметжан Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына және І.Жансүгіровтің әдеби мұражайына экскурсия жасамақ. Осындай рухани бастама жаз бойы жалғасып, оған облыс оқушылары түгелдей атсалысады», дейді М.Сүлейменов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы