Жетісулық ғалымдар бидайды жылдам селекциялауды зерттеп жатыр
Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ҚР Ғылым және жоғары білім министірлігінен 2024-2026 жж. қаржыландырылатын «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» тақырыбында грант иеленді.
Жас ғалым осы жоба аясында Орталық Азия бидайының Толық Геномдық Генетикалық (Whole Genome Sequencing) мағұлматтарын алып, зерттей бастады. Сондай-ақ, Орта Азия бойынша алғашқылардың бірі болып ЖУ базасында құрылған «Speed Breeding» платформасы кеңейтіліп, «Ұшқышсыз Ұшу Аппараты» қолданылатын болады.
Маңыздысы, «Speed Breeding», яғни жылдамдатылған селекция технологиясының толық әлеуеті ғалымдарымызға бір жылда 6 рет өнім алып, еліміздегі дәнді-дақылдардың селекциясын айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді.